Шетелдік көпсалалы емханалар қазақстандың клиникаларға бәсекелестік тудыруда

Шетелдік көпсалалы емханалар қазақстандың клиникаларға бәсекелестік тудыруда

09.04.2019 Алматы. Қазақстандықтар медициналық көмек алу бойынша шетелдік емханалардың көмегіне жиі жүгіне бастады. Медициналық қызмет көрсетуді жақсарту мәселесі өзінің өзектілігінен айырылар емес, ал бұл, өз кезегінде, нарықта жаңа қатысушылардың пайда болуына әсер етуде. 

Ресми деректерге сәйкес, отандастарымыздың ауыр сырқаттарға шалдығу деңгейі жыл өткен сайын артып келеді. Мәселен, 2017 жылы тұрғындар арасында алғаш рет тіркелген сырқаттанушылық 100 мың адамда 57896-ға жетті, бұл Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жылдық статистикалық есебіне сәйкес өткен жылдын көрсеткішінен 1,9% артық. Ал «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобалар қорының мәліметтері бойынша дәрігерлер 2018 жылдың соңына қарай еліміздің аймақтарында кеңінен таралған сырқаттардың бірінші бестігін анықтады. Олар - артериалды гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, қант диабеті, созылмалы бронхит, эндемиялық зоб. Ең қауіпті дерттер арасында туберкулез, қант диабеті, онкология көш бастап тұр.

Әсіресе, сарапшыларды онкологиялық сырқаттарды дер кезінде анықтау және оларды емдеу ерекше алаңдатып отыр. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, 2018 жылы Қазақстанда онкологиялық сырқаттардан 181 мың адам зардап шеккен. Олардың ішіндегі 34 500 пациентке мұндай диагноз алғаш рет қойылған. 2018 жылы қатерлі ісік сырқаттарынан 14406 адам қайтыс болған.

«Қазақстандықтар арасында онкологиялық дерттерді емдеуде кешенді әдіс-тәсілдерді қолданатын, жоғары технологиялық медициналық орталықтардың қызметіне деген сұраныс артып келеді», - дейді Стамбулдағы Anadolu емханасының профессоры, медицина ғылымдарының докторы Сердар Турхал. 

Профессордың айтуынша, 2018 жылы бір ғана Anadolu (Түркия) орталығына Қазақстаннан пациенттер легі артқан. Соның нәтижесінде, қазақстандық пациенттердің 75%-не онкологиялық сырқаттарды емдеу бойынша қызмет көрсетілсе, 25% - ішкі сырқаттар, жалпы хирургия, нейрохирургия, педиатрия, кардиология, урология, ЭКО (экстракорпоральды ұрықтандыру), әйелдер сырқаттары бойынша ем қабылдаған.

Емхана деректері бойынша, Anadolu мамандарының көмегіне жүгінген қазақстандық пациенттердің 30% өз диагнозы туралы Қазақстанда хабардар болған, бірақ өз елінде ем қабылдауды бастамаған. Қазақстандықтардың 50% емдеуді ҚР бастаған, бірақ олар емнің баламалы түрлерін немесе терапияның неғұрлым тиімді әдістерін зерделеуді жөн көрген. Қазақстандық пациенттердің 10%-нде сырқат асқынған, кеш кезеңде болған: ҚР оларға емнің бірнеше нұсқасы ұсынылмаған еді, ал Anadolu-да мұндай сырқаттардың табысты терапиясының тәжірибесі бар. Пациенттердің қалған 10% емхана көмегіне сырқаттың терминалдық кезеңінде жүгінген.

«Күрделі сырқаттарды, әсіресе, онкодерттерді емдеудің негізгі принциптерінің бірі дер кезінде жасалған диагностика болып табылады. Ол сырқатты алғашқы кезеңде анықтауға мүмкіндік береді және оны табысты емдеудің ықтималдығын арттырады, нәтижесінде, пациент өмірінің сапасы артады. Міне, сондықтан басқа елдердегі сияқты, Қазақстанда да жоғары сапалы медициналық қызметке, ең алдымен, сапалы диагностикаға деген сұраныс артып келеді», - дейді әңгімесін тәмәмдаған профессор.

Шетелдік мамандар ҚР медициналық қызметтер нарығындағы бәсекелестіктің өсуі қазақстандық нарықтың дамуына жаңа серпін береді деген сенімде. Сондай-ақ бұл қазақстандықтардың денсаулығы деңгейіне оң әсерін тигізіп, оларға өзіне қажетті көмек деңгейін таңдауға мүмкіндік береді.

Наши клиенты